Өз қалаңның өзгеруіне үлес қос - бірінші қадам осында!

Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігі және Q88 урбанистер қауымдастығы бастаған арнайы жоба.

banner


Жобалық ұсыныстар 2022 жылдың 8 маусымына дейін қабылданады. Жобалық ұсыныстарды жинау аяқталғаннан соң дауыс беру басталады.

Идеяны ұсынғаннан кейін не болады?

1
Жобалық ұсыныстарды жинау
Жобалық ұсыныстар іріктеу үшін жиналады
2
Модерация
Жобалық ұсыныстар тексеріледі және модерациядан өтеді
3
Дауыс беру
Онлайн-дауыс беру өткізіледі. Тұрғындар өздеріне ұнаған жобаларды таңдап, оларға дауыс береді
4
Дауыс беруді қорытындылау
Дауыстар есептеледі. Нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жеңілгендер тізімі жарияланады
5
Жүзеге асыру
Қала тұрғындарының дауыстарының максималды мөлшерін жинаған жобалар жүзеге асырылатын болады
“Қазақстан өңірлерінің біркелкі дамымағаны баршаға мәлім. Диспропорция әлеуметтік жайсыздыққа, көші-қон көңіл-күйінің өсуіне алғышарттар жасайды”, - Қ-Ж. К. Тоқаев.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Q88» қауымдастығының урбанистерімен бірлесіп, Қазақстанның өңірлік қалаларын дамыту бойынша жобалық ұсыныстарды іске қосуда. Аталмыш жобаны іске асыру бойынша үшінші қала Павлодар болып табылады. Павлодар тұрғындарынан ұсыныстар алу және ұсынылған жобаларға дауыс беру арқылы қала тұрғындарымен диалог құрылады, олардың тілектері мен қаланың даму бойынша көзқарастары назарға алынады.

Павлодар қаласы республиканың солтүстік-шығысында, Ертіс маңы жазығының шегінде, Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан. Түрлі салалардағы өнеркәсіп орталығы болып табылады: түсті металлургия, машина жасау, мұнай өңдеу, химия, жеңіл өнеркәсіптері, ферроқорытпа және құрылыс материалдарын өндіру зауыттары бар. Павлодар таланттар мекені болып саналады - алғашқы қазақ академигі - Қаныш Сәтбаев, Қазақстанның энергетика саласындағы ірі ауқымды жобалардың авторы және бастамашысы - Шафик Шөкин, философ және әдебиетші - Мәшһүр Жүсіп Көпеев, ақын - Сұлтанмахмұт Торайғыров және ҚР-ның қазіргі заманғы көптеген белгілі мәдениет қайраткерлері Павлодар қаласымен байланысты. Қаланың бәсекелестік артықшылықтары - бұл адами капитал, ықшам құрылыс, жасыл қор, экономикалық тұрақтылық, қаланың өз мәдени коды бар, транзиттік қала болып табылады. Қаланың сын-қатерлері: 1. Құлыптау - қала өнеркәсіптік кәсіпорындармен қоршалған 2. Бытыраңқылық - шағын аудандар көлік магистральдармен кесілген 3. Қаланың тозуы - коммунификациялардың, тұрғын үй қорының тозуы, қалада 44 ескі ғимарат бар 4. Мамандардың кетуі - 10 жыл ішінде көші-қон сальдосы 17,3 мың адамды құрады 5. Қартайып келе жатқан халық - қала халқының орташа жасы 36 жасты құрайды (Астанада - 25 жас) Қазақстан Республикасының халқы сонғы 20 жылда 20% - ға өсті. 1999 жылғы 15 млн адамнан 2021 жылғы 19,2 млн адамға дейін. Мысалы, Ақтөбе және Атырау қалаларының халқы 2 есе, Талдықорған 1,5 есе, ал Павлодар тұрғындарының саны 10% өсті. Қазақстанның урбанистер қауымдастығы Q88 «Envicon-A» компаниясымен бірлесіп Павлодар қаласының қоғамдық кеңістіктерін жаңғырту жұмысы аясында келесі жобаларды ұсынды: 1. Спорт саябағы мд. Усольский 2. Инклюзивті жастар саябағы 3. ст. Лермонтов 4. «Усолка» экопаркі. Барлық нысандар павлодарлықтардың жайлы өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған! Бұл жобалардың басты ерекшелігі – концепцияны құру процесіне қала тұрғындарының өзі қатысады. Мәселен, Q88 Қазақстан урбанистер қауымдастығы Павлодар қаласы әкімдігімен, «Десента» қоғамдық қорымен және «Энвикон-А» компаниясымен бірлесіп 4 жоба бойынша қоғамдық талқылаулар жүргізуде. Осы бағыттағы жұмыстарды Instagram желісіндегі @q88_urbanism және @usolka_park парақшаларынан, сондай-ақ Q88 Қазақстан Урбанистер қауымдастығының басқа да әлеуметтік желілерінен бақылай аласыздар. Нысандарды жобалау кезінде қала тұрғындарының барлық тілектері ескерілетін болады. Павлодар қаласының тұрғындарынан қажетті пікірлерді жинау офлайн режимінде де, онлайн режимінде де жүзеге асырылады. Тұрғындармен барлық кездесулер өткізілгеннен кейін қала тұрғындары барлық мүдделі тараптардың ескертулерін ескере отырып, дайын жобаны ұсынады. Жобалармен танысуға және өз пікіріңізді білдіруге шақырамыз. Біз барлық қамқор азаматтарды процеске атсалысып, Павлодарды жайлы әрі қауіпсіз қалаға айналдыруға шақырамыз! Төменде әрбір нысанның сипаттамасы берілген. Барлық тілектеріңіз бен пікірлеріңізді пікірге қалдыра аласыздар!

Жобалық ұсыныс жасау
Сұрату бойынша іздеу орындалуда
Сіздің сұратуыңыз бойынша ештеңе табылмады
Сіздің сұратуыңыз бойынша ештеңе табылмады