Пайдаланушылық келісім
Пайдаланушы келісімі
Осы Пайдаланушы келісімі "BTS Digital" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «Компания») және жеке тұлға – «Қалалық бастама» ақпараттық ресурсының пайдаланушысы арасындағы қатынастарды реттейді.
1. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Контент – мәтіндер, суреттер, мультимедиалық файлдар және кез келген өзге ақпараттық толтыру.
Хабарландыру – қатысушы ақпараттық ресурсқа орналастыратын, белгісіз тұлғалар тобына арналған ақпараттық хабарлама.
Серіктес – Компаниямен жасалған шарттар негізінде пайдаланушылар базасын құру, оны қолдану, ұлғайту, атқарымын кеңейту, сондай-ақ, ақпараттық ресурсқа және кез келген Сервистерге қолдау көрсету, оның ішінде Компанияның жұмыс процестеріне қызмет көрсету үшін тартылатын тұлғалар.
Дербес деректер – электронды, қағаз және (немесе) басқадай материалдық тасымалдауышта бекітілген, жиналуы мен өңделуі Сайтқа орналастырылған осы Пайдаланушы келісімі, Құпиялылық саясаты және Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарында жүзеге асырылатын, белгілі немесе олардың негізінде белгілі болатын дербес деректер субъектісіне қатысты деректер, оның ішінде биометрикалық, сондай-ақ кейіннен оларда болатын өзгертулер мен толықтырулар.
Пайдаланушы – Қазақстан Республикасы қалаларының бірінде тұрақты тұратын және «Қалалық бастама» ақпараттық ресурсын пайдаланатын жеке тұлға, кәмелетке толған азамат.
Құқық иесі – зияткерлік қызмет нәтижесіне ерекше құқығы бар Компания, Пайдаланушы немесе кез келген үшінші тұлға.
Қалалық бастама – Интернет телекоммуникациялық желісіндегі арнайы ұйымдастырылған, азаматтар ұсынған және қоғамдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобалық ұсыныстарды іске асыру үшін қатысушылардың: азаматтардың, Жобалық орталықтың, әкімдіктің пайдалануына арналған ақпараттық ресурс.
Жобалық ұсыныс – ақпараттық ресурс арқылы Пайдаланушылардан келіп түскен, қойылған талаптарға сай келетін ұсыныс.
Сервистер – ақпараттық ресурс Пайдаланушылары үшін қолжетімді қызметтер мен құралдар.
Пайдаланушы келісімі – кез келген өзгертулері мен толықтыруларын қоса алғандағы осы келісім.
Есепке алу деректері – Пайдаланушы тіркелу және/немесе ақпараттық ресурсты алғашқы пайдалану кезінде ұсынатын, Компания олардағы кез келген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, солардың негізінде Пайдаланушыны анықтайтын деректер.
Құпиялылық саясаты – Дербес деректерді қоса алғанда, Пайдаланушының деректерін жинаудың, пайдаланудың, сақтаудың, өңдеудің, қорғаудың және құпиялылығын қамтамасыз етудің тәртібі мен талаптарын айқындайтын, осы Пайдаланушы келісімінің ажырамас бөлігі болып табылатын, кез келген өзгертулері мен толықтыруларын қоса алғандағы құжат.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Компания Пайдаланушыға осы Пайдаланушы келісімі талаптарында Қалалық бастама ақпараттық ресурсын пайдалануды ұсынады. Жекелеген Сервистерді ұсынуға қатысты Компания осы Пайдаланушы келісімінің ажырамас бөлігі болып табылатын арнайы қағидалар белгілеуі мүмкін. Осы Пайдаланушы келісімінің ережелері мен арнайы қағидалар арасында қайшылықтар болған жағдайда арнайы қағидалардың ережелері қолданылады. Оның ішінде, Компания Серіктестерінің Сервистер ұсынуы Компания Серіктестері белгілеген қағидаларға және пайдаланушы келісімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Оған қоса, ондай пайдаланушы келісімдері тиісті Сервистерді пайдалану кезінде қолданылатын дербес деректерді жинау және өңдеу жөніндегі өзге де қағидаларды айқындауы мүмкін, бұл ретте, егер ондай қағидалар анағұрлым шектеуші сипатқа ие болса, онда олардың мәні басым болады.
1.2 Ақпараттық ресурста ұсынылатын Сервистер, функционалдық мүмкіндіктер, интерфейс, сондай-ақ Қолданбада ұсынылатын кез келген қызметтер Пайдаланушыға алдын ала ескертпестен, кез келген сәтте өзгеруі, толығуы, жаңаруы, атқарымдық мүмкіндіктерінің нысаны мен сипатын өзгертуі мүмкін, соған байланысты оларды “сол қалпында”, яғни Пайдаланушы ақпараттық ресурсқа жүгінген сәтте Компания ұсынған түрде және көлемде пайдалану ұсынылады. Компания өз қарауынша жалпы Пайдаланушылардың барлығына не болмаса жекелеген Пайдаланушыға алдын ала ескертусіз ақпараттық ресурсқа және/немесе жекелеген Сервистерге (не болмаса Сервистер аясында қандай да бір жеке функцияларға) қолдау көрсетуді тоқтатуға (уақытша немесе түпкілікті) құқылы.
1.3 Компания Пайдаланушының Компания қызметкерлеріне де, өзге Пайдаланушыларға да қатысты әдеп нормаларының бұзылуына немесе осы Пайдаланушы келісімі ережелерінің басқадай бұзылуына жол бергені үшін оның ақпараттық ресурсқа, оның атқарымына және/немесе Сервистеріне қолжетімділігін шектеуге немесе тыйым салуға (уақытша немесе түпкілікті) құқылы.
1.4 Егер де Пайдаланушының басқа Пайдаланушыға қатысты соңғысының Сервистерді және/немесе ол орналастырған ақпаратты және/немесе Контентті пайдалануына байланысты наразылығы туындаса, Пайдаланушы ол талаптарды ондай Пайдаланушыға тікелей қойып, наразылықтарын өз бетінше әрі Компанияның қатысуынсыз шешуге міндетті.
2. ҚОЛДАНБАҒА ТІРКЕЛУ ТАЛАПТАРЫ
2.1 Кәмелет жасқа толған Пайдаланушы тіркеліп, осы Пайдаланушы келісіміне отырғаннан кейін, ақпараттық ресурсты пайдалануға құқылы. Кәмелетке толмаған Пайдаланушы ақпараттық ресурсты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлар мен тәртіпте пайдалануға құқылы.
2.2 Ақпараттық ресурсқа тіркелу кезінде Пайдаланушы Мобильді қондырғы ұялы байланысының абоненттік нөмірін көрсетеді. Пайдаланушы Қолданбада авторлану процесін авторлану кезінде көрсеткен электронды мекенжайына алған сілтемеге басу және «Мен Пайдаланушы келісімі мен Құпиялылық саясаты талаптарын қабылдаймын» талабын қабылдау жолымен аяқтайды. Атқарымдылыққа қолжетімділік берудің және Қолданбаға Контент және (немесе) Ақпарат орналастырудың шарты болып "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 5-1 тармағында белгіленген тәртіппен Қолданбаға енгізілетін бір реттік пароль қамтылған қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы келісім жасасу табылады.
2.3. Қолданбаны іске қосқан кезде Пайдаланушыдан Қолданбаның кейбір функцияларға қолжетімділік алуына рұқсат сұратылуы мүмкін. Пайдаланушы қолжетімділікке тыйым сала алады, бірақ ондай жағдайда Қолданбаның атқарымы шектеулі болуы мүмкін.
2.3 Пайдаланушының Ақпарат және/немесе Жобалық ұсыныс орналастыруы оның осы Пайдаланушы келісімінің талаптарын сөзсіз қабыл алғанын білдіреді.
2.4 Пайдаланушы өзінің Есепке алу деректерінің сақталуын қадағалауға, оларды үшінші тұлғаларға ашпауға міндетті. Өзінің Есепке алу деректерін Пайдаланушы атынан және оның мүдделері үшін әрекет ететін немесе мұндай Есепке алу деректерін Пайдаланушымен тиісті келісімдер негізінде алған тұлғаларды қоспағанда үшінші тұлғаларға беруге, сонымен қатар өзінің Есепке алу деректерін Қолданбаны пайдалану үшін қолдануға үшінші тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде рұқсат беруге Пайдаланушының құқығы жоқ.
2.5. Пайдаланушы Есепке алу деректерін өңдеуге және (немесе) Қолданбадан жоюға құқылы. Есепке алу деректерін жою support@btsdigital.kz мекенжайы бойынша Платформаның қолдау қызметіне сұрату жіберу жолымен жүзеге асырылады. Есепке алу деректерін жою Пайдаланушыдан сұрату келіп түскеннен кейінгі 7 күн ішінде жүргізіледі. Пайдаланушының Есепке алу деректері жойылғаннан кейін, осы есептік жазбаны пайдалана отырып орналастырылған барлық Контент, Ақпарат және Пайдаланушының өзге де деректері қалпына келтірілмейді.
2.6. Пайдаланушының Есепке алу деректері пайдаланыла отырып жасалған кез келген әрекет Пайдаланушының өзі немесе ол өкілеттік берген тұлға жасаған әрекет болып саналады және Пайдаланушыға осы Пайдаланушы келісімі мен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін артылатын жауапкершілікті қоса алғанда, мұндай әрекеттерге қатысты міндеттер мен жауапкершілік белгілейді.
2.7. Осы Пайдаланушы келісімін жасай отырып, Пайдаланушыға ақпараттық ресурсты пайдалану мүмкіндігін, ақпараттық ресурс атқарымын дамыту және жақсарту мүмкіндіктерін беру, сондай-ақ осы Пайдаланушы келісімінің ажырамас бөлігін құрайтын Құпиялылық саясатында көрсетілген басқадай мүмкіндіктерді беру мақсаттары үшін, Пайдаланушы Компанияға төмендегілерге сөзсіз келісімін береді:
- Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген кез келген тәсілмен және кез келген дереккөздерден, оның ішінде Пайдаланушының көпшілікке қолжетімді Дербес деректерін Компанияның, оның үлестес тұлғаларының, Серіктестерінің және (немесе) ағымдағы уақытта да, болашақта да Компаниямен Дербес деректерді жинауға, өңдеуге және қорғауға қатысты жағдайлармен немесе құқықтық қатынастармен байланысты үшінші тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген шектерде, Пайдаланушының Дербес деректерінің барлық көздерінен жинауы және өңдеуі (жинақтауы, сақтауы, өзгертуі, толықтыруы, пайдалануы, таратуы, иесіздендіруі, бұғаттауы және жоюы);
- Пайдаланушының Дербес деректерін Компанияның үлестес тұлғаларына, Серіктестеріне және (немесе) ағымдағы уақытта да, болашақта да Компаниямен Дербес деректерді жинауға, өңдеуге және қорғауға қатысты жағдайлармен немесе құқықтық қатынастармен байланысты үшінші тұлғаларға (оның ішінде шетелдік) беру, оның ішінде трансшекаралық беру; бұл ретте Дербес деректердің кейбір елдердегі қорғалу дәрежесі Қазақстан Республикасында белгіленген дәрежеге сәйкес келмеуі мүмкін;
- Пайдаланушының Дербес деректеріне қатысты осы Пайдаланушы келісіміне, Құпиялылық саясатына, Компанияның Платформаға орналастырылған өзге қағидалары мен құжаттарына және Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге құқықтар.
2.8. Дербес деректерді жинау мен өңдеуге берілген осы келісім Компанияның дербес деректерді қолдануының кез келген жағдайларына, Компанияның техникалық қолдау қызметінің телефонына / Байланыс орталығына / электронды поштасына алынған Пайдаланушылардың өтініштерін өңдеу кезінде, оның ішінде Пайдаланушылармен жеке сөйлесу мақсаттары үшін, таралады.
2.9. Пайдаланушы кез келген сәтте support@btsdigital.kz электронды пошта мекенжайына өтініш жолдай отырып, Дербес деректерді жинуаға және өңдеуге берген келісімін кері қайтарып ала алады, бұл ретте ондай өтініш түскен сәттен бастап Сервистер тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы мүмкін.
2.10. Осы Пайдаланушы келісімін жасай отыра, Пайдаланушы үшінші тұлғалардан да, Компаниядан да жарнама ақпаратын алу мүмкіндігіне өз келісімін білдіреді. Пайдаланушы Компанияның сілтемелері тиісті материалдарда болуы мүмкін сайттарды қоса алғанда, ондай ақпараттың мазмұнын белгілемейтінін және олар үшін жауапкершілік көтермейтінін түсінеді және онымен келіседі.
3. КОНТЕНТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ
3.1. Пайдаланушымен жеке келісімде басқасы тікелей ескертілген жағдайларды қоспағанда, орналастырылған Контент, Жобалық ұсыныс және (немесе) Ақпарат үшін Пайдаланушыға қандай да бір сыйақы тиісті болмайды және төленбейді.
3.2. Пайдаланушы өз Контентін, Жобалық ұсынысын және (немесе) Ақпаратын жүктеген кезде Компанияға Контентке, Жобалық ұсынысқа және (немесе) Ақпаратқа қайтарып алынбайтын және аумақтық шектеусіз лицензия ұсынады және оны Компанияның, үлестес тұлғалардың және Серіктестердің кез келген тәсілдермен, кез келген нысанда және кез келген мақсатта, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген шектерде Қолданбаның және (немесе) Сервистердің жұмысын қамтамасыз ету, ілгерілету, атқарымдарын жақсарту және жетілдіру үшін пайдалануына рұқсат береді. Бұл ретте кез келген тұлға өз таңдауы бойынша кез келген Контентке және (немесе) Ақпаратқа кез келген уақытта кез келген жерден (Контентті және (немесе) Ақпаратты сақтау мүмкіндігімен де, мүмкіндігінсіз де) қолжетімділік ала алады.
3.3. Пайдаланушы Компанияның үшінші тұлғаларға Контентті, Жобалық ұсынысты және (немесе) Ақпаратты Компания белгілеген көлемде, өтеулі де, өтеусіз де негізде пайдалану құқығын (қосалқы лицензия) беруіне келісімін береді.
3.4. Компания Пайдаланушының Контентін, Жобалық ұсынысын және (немесе) Ақпаратын қамтитын Қолданба беттеріне Контентпен, Жобалық ұсыныспен және (немесе) Ақпаратпен бірге жарнама материалдарын, видеороликтер, баннерлер және хабарландырулар (оның ішінде үшінші тұлғалардың да) орналастыруға, сондай-ақ Қолданба арқылы ойнатуға, Контентті түрлендіруге және қайта жөндеуге, сонымен қатар Контентті басқа коммерциялық мақсаттарда Пайдаланушыға сыйақы төлеместен пайдалануға құқылы.
3.5. Компания Пайдаланушыға Пайдаланушы орналастырған Контенттің, Жобалық ұсыныстың және (немесе) Ақпараттың пайдаланылуы туралы қандай да бір есептер және (немесе) ақпараттар ұсынуға құқылы, бірақ міндетті емес.
3.6. Пайдаланушы Контентке, Жобалық ұсынысқа және (немесе) Ақпаратқа қатысты қажетті барлық құқықтарға, оның ішінде оларды осы Пайдаланушы келісімі талаптарына сәйкес пайдалануға рұқсат беру құқығына ие екеніне кепілдік береді және олардың орналастырылуы мен пайдаланылуына толық жауапкершілік көтереді. Пайдаланушы Қолданбаға Контент, Жобалық ұсыныс және (немесе) Ақпарат орналастыру және оларды әрі қарайғы пайдалану авторлық, шектес, патенттік құқықтарды, жеке өмірдің дербес құқықтылығы, ар-намысты, абыройды, іскерлік беделді қорғау, азамат бейнесі құқықтарын және т.б. қоса алғанда, бірақ онымен де шектелмей, өзге тұлғалардың зияткерлік меншік құқықтарын, жеке мүліктік немесе мүліктік емес құқықтарын бұзбайтынына кепілдік береді.
3.7. Пайдаланушының ол орналастырған қандай да бір Контенттің, Жобалық ұсыныстың және (немесе) Ақпараттың құқық иесі екеніне Компанияның күмәні туған немесе Контент, Жобалық ұсыныс және (немесе) Ақпарат үшінші тұлғалардың қандай да бір құқықтарын немесе заңды мүдделерін бұзады деп шамалауға негіз болған, не болмаса Контенттің, Жобалық ұсыныстың және (немесе) Ақпараттың мазмұны осы Пайдаланушы келісімі талаптарына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келген жағдайда, Компания өз қарауынша тиісті Контентті, Жобалық ұсынысты және (немесе) Ақпаратты Қолданбадан жоюға құқылы. Осы тармақ контексінде құқық иесі ретінде Компания өз қарауынша құқық иесі немесе оның өкілі деп таныған кез келген тұлға қарастырылады.
3.8. Компания Контентті, Жобалық ұсынысты және (немесе) Ақпаратты жоюды қоса алғанда, осы Пайдаланушы келісімінің 4.7 тармағында көрсетілген әрекеттер немесе ондай әрекеттердің себептері жайында Пайдаланушыны хабардар етуге міндетті емес.
Осы тармақ Компанияға Қолданбада орналастырылған Контентті және (немесе) Ақпаратты мерзімді түрде модерациялау (мазмұнын бақылау) бойынша міндет жүктелетінін білдірмейді және олай түсінілмеуі тиіс.
Компания сондай-ақ осы Пайдаланушы келісімінің шарттарымен тікелей тыйым салынбаған, алайда Компания тарапынан Контенттің, Жобалық ұсыныстың және (немесе) Ақпараттың мазмұны тұрғысынан Компанияның саясатына сәйкес емес не болмаса бір мәнді емес деп танылған, нәтижесінде ондай Контентті және (немесе) Ақпаратты Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес келмейді деп тану тәуекелі бар Контентті, Жобалық ұсынысты және (немесе) Ақпаратты Қолданбадан жоюдың бір жақты құқығын өзіне қалдырады.
3.9. Пайдаланушы өз бетінше кез келген уақытта ол тікелей Қолданбаға орналастырған (жүктеген) Контентті, Жобалық ұсынысты және (немесе) Ақпаратты ішінара немесе толық жоя алады.
3.10. Пайдаланушы басқа Пайдаланушылар Контентке қатысты Пайдаланушы Арнасына орналастырған ақпаратқа (пікірлер) өз бетінше бақылау жасайды және аталған пікірлердің осы Пайдаланушы келісімі немесе Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарын бұзуына өз бетінше, толық көлемде жауапкершілік көтереді. Әлдекімдер осы Пайдаланушы келісіміне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін пікірлер орналастырған жағдайда Пайдаланушы ол жайында abuse@ aitu.io электронды пошта мекенжайына ол пікір орналастырылған Контентке және (немесе) Ақпаратқа сілтеме жасай отырып, тиісті хабарлама жіберу жолымен дереу Компанияға хабарлауға міндетті.
3.11. Пайдаланушы Платформаға Контент, Жобалық ұсыныс және (немесе) Ақпарат орналастырған кезде, ол ондай Контенттің, Жобалық ұсыныстың және (немесе) Ақпараттың мазмұны үшін өзіне толық көлемде жауапкершілік алатынымен келіседі, Платформаға Контент, Жобалық ұсыныс және (немесе) Ақпарат орналастырылуы нәтижесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының немесе үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуымен байланысты үшінші тұлғалардың барлық наразылықтары мен талаптарын өздігінен шешуге міндеттенеді және осы тармақта көрсетілген наразылықтарды және (немесе) талаптарды шешумен байланысты әрекеттердің барлығын өздігінен және өз есебінен жүзеге асыруға міндетті. Пайдаланушы орналастырған Контентке, Жобалық ұсынысқа және (немесе) Ақпаратқа байланысты үшінші тұлғалардан наразылықтар келіп түскен жағдайда, Компания Пайдаланушы және орналастырылған Контент, Жобалық ұсыныс және (немесе) Ақпарат туралы мәліметті Пайдаланушының келісімінсіз беруге құқылы.
3.12. Компания өзіне кез келген Контентті, Жобалық ұсынысты және (немесе) Ақпаратты орналастырмау құқығын қалдырады. Видео және аудио Контент Қолданбада қолданылатын форматтарда ұсынылуы тиіс.
3.13. Қызметтердің және Пайдаланушыларды жаңа сервистер және Қолданбаның мүмкіндіктері жайында ақпараттандырудың сапасын жақсарту мақсатында Компания Пайдаланушыға тіркелу кезінде көрсетілген электронды пошта мекенжайына ақпараттық хабарламалар жіберуге құқылы. Ондай хабарламалар үшінші тұлғалардың жарнамасын қамтымайды және Пайдаланушыға 7 (жеті) күн ішінде бір рет қана жіберіледі. Пайдаланушы кез келген сәтте аталған ақпараттық хабарламаларды алу мерзімділігін өзгерте алады немесе ақпараттық хабарламаның өзіндегі тиісті пәрменді басу: алынған ақпараттық хабарламаның төменгі жағындағы «Таратылымға жазылудан бас тарту» сілтемесі бойынша тиісті Интернет-парақшаға өтіп, ақпараттық хабарламаларды алудың талап етілетін тәртібін белгілеу немесе ашылған мәзірден тиісті тармақты таңдау жолымен оларды болашақта алудан бас тартуды орнату арқылы оларды алудан толықтай бас тарта алады. Егер ақпараттық хабарламаларды алу мерзімділігін өзгерту немесе ақпараттық хабарламаларды алудан бас тарту рәсімінен өткеннен кейін Пайдаланушының оларды дәл сол мерзімділікпен алуы жалғаса берсе, онда ақпараттық хабарлама жіберілген электронды пошта мекенжайынан проблеманы сипаттап, әкімшіліктің support@aitube.kz электронды пошта мекенжайына хабарлама жіберу арқылы әкімшілікке жүгіну қажет. Осы тармақта көзделген жоғарыда аталған уақытша шектеу, мерзімділік және бас тарту Пайдаланушының Қолданбадағы әрекеттеріне немесе ол орналастырған Контентке және (немесе) Ақпаратқа байланысты әкімшіліктің қызметтік хабарламаларына, сонымен қатар Пайдаланушы жіберген сұратуларға берілген Компанияның жауаптарына қолданылмайды.
4. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
4.1 Пайдаланушы төмендегілерге құқылы:
4.1.1 Осы Пайдаланушы келісімінде көзделген талаптар сақталғаннан кейін ақпараттық ресурсты пайдалануға қолжетімділік алу;
4.1.2 Ақпараттық ресурста бар Сервистердің барлығын пайдалану;
4.1.3 Осы Пайдаланушы келісімінің талаптарын сақтаған жағдайда Контентті жүктеу және жіберу, бұл ретте Пайдаланушы ақпараттық ресурс арқылы өзінің Контентін жүктеген және/немесе жіберген кезде Компанияға Контентке аумақтық тұрғыда шектелмеген лицензия береді және оны Компанияның және Серіктестердің Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған жағдайда жұмысты қамтамасыз ету, атқарымды ілгері бастыру, жақсарту және ақпараттық ресурс пен Сервистерді жетілдіру мақсаттарына пайдалануына рұқсат береді;
4.1.3 Ақпараттық ресурсты тек Пайдаланушы келісімінде көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған мақсаттар мен тәртіпте пайдалану;
4.1.4 Құқыққа қайшы ақпаратты орналастыруды қоса алғанда, өзге Пайдаланушылар мен үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері мәселелері бойынша Пайдаланушының шағымдары туындаған жағдайда, support@aitu.io мекенжайына өтініш ресімдеу;
4.1.5 Ақпараттық ресурсқа қатысты сұрақтары және/немесе тілектері болған жағдайда support@aitu.io мекенжайы бойынша техникалық қолдау қызметіне тиісті өтініш ресімдеу;
4.1.6 Тиісті сілтемелерді жібере отырып, өз қаласында тұратын өзге азаматтарды қатысуға тарту.
4.2 Пайдаланушы төмендегілерге міндетті:
4.2.1 Ақпараттық ресурс пен Сервистерді тек қана олар арналған мақсаттарда пайдалану;
4.2.2 Контентті немесе басқадай материалдарды ақпараттық ресурсқа жүктеген және/немесе ол арқылы жіберген кезде оған құқықтарын сақтаған Құқық иелерінің құқықтарын бұзбау, оның ішінде Контентті қажетті көлемде пайдалануға Құқық иесінің келісімін алу жолымен. Аталған міндеттеме бұзылған жағдайда Пайдаланушы Құқық иесі құқықтарының бұзылғаны үшін толық жауапкершілік көтереді және Компанияны Құқық иесі тарапынан болған кез келген талап арыз бен наразылықтардан қорғауға және/немесе соған байланысты шығындарды өтеуге міндеттенеді.
4.2.3 Компанияға, өзге Пайдаланушыларға, кез келген үшінші тарапқа немесе Құқық иелеріне келтірілген зиянның орнын толтыру.
4.2.4 Пайдаланушы осы Пайдаланушы келісімінде, Құпиялылық саясатында, Пайдаланушы және Қазақстан Республикасының заңнамасы қабылдаған өзге құжаттарда көзделген басқа да міндеттерді көтереді.
4.3 Компания келесілерге міндетті:
4.3.1 Осы Пайдаланушы келісімінің талаптарына сәйкес Пайдаланушының ақпараттық ресурсқа қолжетімділігін қамтамасыз ету;
4.3.2 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушы жайлы ақпаратты жарияламау, үшінші тұлғаларға бермеу.
4.3.3. Осы Пайдаланушы келісімінде, Құпиялылық саясатында, Платформа жұмысын және Сервистердің ұсынылуын регламенттейтін Компанияның өзге құжаттарында және Қазақстан Ресупбликасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді көтеру.
4.4 Компания төмендегілерге құқылы:
4.4.1 Пайдаланушыға кез келген жолмен ақпараттық ресурстың жұмысы жайлы ақпаратты жіберу, оның ішінде ақпараттық және басқадай хабарламаларды ақпараттық ресурсқа орналастыру;
4.4.2 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарына және осы Пайдаланушы келісімінің шарттарына сәйкес болмаса, Компанияға немесе үшінші тұлғаларға зиян келтіретін болса, материалдар мен Контентті, Жобалық ұсынысты және Ақпаратты өңдеу немесе жою;
4.4.3 басқасынан бөлек сыртқы құрылғылар жайлы, сонымен қатар Пайдаланушы құрылғысының, жүйенің, ақпараттық ресурстың бағдарламалық жасақтамасы жайлы техникалық деректерді қоса алғанда, техникалық деректер мен оларға байланысты ақпаратты жинау және пайдалану. Аталған ақпарат мерзімді түрде жинақталып, Пайдаланушыға ақпараттық ресурсқа қатысты бағдарламалық жасақтаманың жаңартылуын, техникалық қолдау мен қызметтер (егер ондайлар болса) ұсынуды жеңілдету мақсатын көздейді;
4.4.4 Ақпараттық ресурс жұмысын жақсарту және тұрақтылығын арттыру мақсатында Пайдаланушының Қолданбаны пайдалануы туралы статистикалық және басқадай ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу.
4.5 Пайдаланушы ақпараттық ресурстың Компанияға тиесілі зияткерлік меншік объектісі болып табылатынын мойындайды. Компания Пайдаланушыға ондай құқықтарға тек Пайдаланушының ақпараттық ресурсты осы Пайдаланушы келісіміне сәйкес жеке пайдалануына дәлелді түрде қажет көлемде ғана ерекше емес, өзгеге беруге болмайтын, қайтарылып алынатын лицензия береді. Пайдаланушыға Компанияның және/немесе оның тиісті құқық иелерінің меншігі болып қала беретін тауар белгілеріне және Компанияның қызмет көрсету белгілеріне ешқандай құқық берілмейді. Ақпараттық ресурс бағдарламалық жасақтама болып табылады және “сол қалпында” жағдайларында және оның болу шартымен ұсынылады, әрі Компания ақпараттық ресурсқа қолжетімділік алудың немесе оларды пайдаланудың қандай да бір мүмкін еместігі үшін жауапкершілік көтермейді.
4.6. Пайдаланушы Компанияның Пайдаланушы Контентін және (немесе) Ақпаратын (немесе олардың бір бөлігін) Қолданбаның маркетингтік немесе жарнамалық қызметі шеңберінде әлемнің кез келген елінде Интернет желісінде де, көрсетілген желіден тыс та мерзімсіз және тегін пайдалану, сонымен қатар оған көрсетілген мақсаттарға объективті түрде қажет өзгерістер енгізу құқығын мойындайды және Компанияға немесе Компания атынан әрекет ететін басқа тұлғаларға қатысты қандай да бір бұрынғы, қазіргі және болашақтағы жеке мүліктік емес құқықтарға, авторлық құқықтарға немесе осы секілді әлемнің кез келген еліндегі, көрсетілген пайдалану түрлеріне байланысты Пайдаланушы ие бола алатын басқа құқықтарға байланысты барлық наразылықтардан Пайдаланушы бас тартады.
4.7. Пайдаланушы оның Контентіне және (немесе) Ақпаратына, сызбаларды, жоспарларды, нобайларды, безендіру элементтерін, суреттерді, анимацияны, видео, - аудиофайлдарды, қаріптерді, логотиптерді, иллюстрацияларды, туындыларды, бейнелеу өнері туындыларын, кодты, интерфейстерді, мәтіндерді және әдеби шығармаларды қоса алғанда, Пайдаланушы жасаған кез келген басқа материалға қатысты барлық зияткерлік меншік құқықтары оған тиесілі екенін растайды. Бұл ретте Пайдаланушы Қолданба арқылы өз Контентін жүктеген кезде Компанияға Контентке аумақтық шектеусіз ерекше емес лицензия ұсынады және оны Компанияның және Серіктестердің Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған жағдайда пайдаланушыларға Сервистер көрсету, Платформаның жұмысын қамтамасыз ету, ілгерілету, атқарымдарын жақсарту және жетілдіру мақсаттарында пайдалануына рұқсат береді. Пайдаланушы Пайдаланушыға қызметтер көрсету мақсатында Компанияның көріністі түзету, резервті көшіру мақсатында қайталау және Компанияның қарауынша қызметтер көрсетуге қажетті кез келген басқадай техникалық әрекеттерді және (немесе) рәсімдерді орындау үшін бұлтты сервистерді қоса алғанда,
Пайдаланушы Контентін Платформаға жүктеу және (немесе) көшіру мүмкіндігі үшін оған қолжетімділік құқығына ие екенін мойындайды және келіседі.
5. ШЕКТЕУЛЕР
5.1 Пайдаланушыға төмендегілерге тыйым салынады:
5.1.1 ақпараттық ресурс арқылы жарнама, ақпараттық және басқадай материалдарды өзге Пайдаланушыларға олардың келісімінсіз жаппай таратуды жүзеге асыру;
5.1.2 ақпараттық ресурс арқылы мазмұнында қорлау, жала, балағат сөздері бар, порнографиялық немесе мораль нормаларына қайшы басқадай материалдарды; адамның қадір-қасиетін қорлайтын қатігездікті, лаңкестікті немесе зорлық-зомбылықты көрсететін немесе насихаттайтын материалдарды; сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сай келмейтін өзге материалдарды немесе ондай материалдарды қамтитын интернет-сайттарға, басқа ресурстарға сілтемелерді орналастыру;
5.1.3 жалықтыратын және сұратылмаған жарнама және хат-хабар, спам, «бақыт хаттарын», қаржы пирамидаларына қатысу шақыруларын жүктеу, орналастыру және (немесе) басқадай тәсілмен тарату немесе басқа тәсілдермен тауарлар, жұмыстар және (немесе) қызметтер таңу;
5.1.4 кез келген компьютерлік, телекоммуникациялық жабдық атқарымдылығын бұзуға, жоюға немесе шектеуге арналған компьютерлік кодтарды және (немесе) рұқсат етілмеген қолжетімділікті жүзеге асыруға арналған бағдарламаларды, сонымен қатар коммерциялық бағдарламалық өнімдердің сериялық нөмірлерін, Интернеттегі ақылы ресурстарға рұқсат етілмеген қолжетімділік алуға бағытталған логиндерді, парольдерді және басқадай құралдарды қамтитын Контентті және (немесе) Ақпаратты орналастыру;
5.1.5 әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни өшпенділік пен алауыздыққа түрткі болатын үгіт-насихатты, соғысты насихаттауды, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тілдік немесе басқадай жағдай негізінде кемсітушілікті жүзеге асыру;
5.1.6 егер Пайдаланушының өкілеттігі болмаса, ақпараттық ресурс арқылы қолжетімділігі шектеулі кез келген ақпаратты (құпия ақпаратты), сондай-ақ кез келген көрінеу жалған ақпаратты орналастыруды және/немесе беруді жүзеге асыру;
5.1.7 ақпараттық ресурс атқарымын және/немесе ол жұмыс жасайтын инфрақұрылымды (платформаны) пайдалану үшін өзге бағдарламалық (ақпараттық ресурстың өзінен басқа) және/немесе аппараттық құралдарды пайдалану;
5.1.8 ақпараттық ресурс инфрақұрылымына үйлесімсіз үлкен жүктемеге алып келетін әрекеттер жасау және басқадай түрде ақпараттық ресурс пен оның инфрақұрылымының жұмысын бұзу;
5.1.9 кез келген заңсыз алынған Контентті не болмаса әрі қарайғы көшіру, өзгерту, тарату немесе жариялау үшін Құқық иесінің алдын ала рұқсатын талап ететін Контентті ондай рұқсатсыз көшіру, ойнату, өзгерту, тарату немесе жұртшылыққа ұсыну;
5.1.10 ақпараттық ресурсты өзгерту, Компанияның және/немесе оның Серіктестерінің ақпараттық ресурстарына, ақпараттық жүйелеріне және деректер базасына заңсыз қолжетімділік алуға бағытталған іс-қимылдарды жасау;
5.1.11 ақпараттық ресурсты лотерея, дауысқа салу, конкурстар, викториналар, жарнама, сауалнама жүргізу үшін, ондай белсенділіктер Компания тарапынан немесе оның жазбаша рұқсатымен Серіктестер тарапынан жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, пайдалану;
5.1.12 төтенше жағдайлар кезінде, өмір мен денсаулыққа қауіп төнген кезде, Пайдаланушының және/немесе үшінші тұлғалардың мүлкін күзету мен қорғау үшін ақпараттық ресурс атқарымын пайдалану немесе оған сүйену.
5.2 Осы Пайдаланушы келісімінің 5.1 тармағының ережелерін кез келген бұзу елеулі болып есептеледі және Компанияның осы Пайдаланушы келісімін біржақты тәртіпте бұзуына құқық береді.
5.3. Қолданба Пайдаланушының басқа интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған контентке және ақпаратқа өтуіне мүмкіндік беретін сілтеме/түймешіктерді қамтуы мүмкін. Ондай сілтеме/түймешіктер, сонымен қатар интернет-ресурстардың және (немесе) оларда орналастырылған контенттің және (немесе) ақпараттың мазмұны Компания тарапынан осы Пайдаланушы келісімінің және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестікке тексерілмейді және Компания Пайдаланушы Платформаны пайдалану барысында қолжетімділік алатын үшінші тұлғалардың интернет-ресурстарында орналасқан кез келген контент және/немесе ақпарат үшін жауапкершілік көтермейді.
5.4. Пайдаланушы Қолданбада Платформаның арнайы сервистерін, олар болған жағдайда, пайдалана отырып, үшінші тұлғалар контентіне сілтемені немесе ол туралы ақпаратты орналастыра және (немесе) пайдалана алады. Сервистердің сапасын жақсарту мақсатында Компания үшінші тұлғалар контенті туралы ақпаратты кэштеуі (уақытша сақтауы) мүмкін. Компания ондай ақпаратты кэштеу уақытын қысқартуға тырысады, алайда 7 күнге дейінгі мерзімге кэштеуге жол беріледі.
6. ЖАУАПКЕРШІЛІК
6.1 Пайдаланушы, өзі орналастыратын ақпараттың мазмұны үшін және ақпараттық ресурсқа орналастырылатын ақпаратқа қатысты үшінші тұлғалардың құқығын бұзғаны үшін болатын жауапкершілікті қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақпараттық ресурста жасалатын әрекеттерге жауапты болып табылады.
6.2 Пайдаланушы Есепке алу деректерін қоса алғанда, тіркелу кезінде Компанияға ұсынылатын мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапты болып табылады.
6.3 Пайдаланушы ақпараттық ресурс арқылы орналастырылатын және таратылатын Контентке және оның мазмұнына қатысты іс-әрекеттерге жауапты болып табылады.
6.4 Компания Пайдаланушылар ұсынатын ақпараттың мазмұнына, олардың үшінші тұлғалардың тауар белгілерін, логотиптерін немесе кез келген басқа зияткерлік меншік объектілерін пайдалануына жауапты емес.
6.5 Компания Пайдаланушының ақпаратты жоғалтып алғанына, сондай-ақ Пайдаланушы ақпараттық ресурс арқылы орналастыратын ақпараттың бұрмалануына немесе хабарламалардың, Контенттің жоғалуына жауапты болмайды.
6.6 Компания ақпараттық ресурсқа және Сервистерге қатысты қандай да бір кепілдіктер ұсынбайды, жекелей алғанда, Компания Пайдаланушыларға:
- ақпараттық ресурс және Сервистер, олар ұсынатын артықшылықтар мен олардың сапасы Пайдаланушының талаптары мен мақсаттарына сәйкес келетініне;
- ақпараттық ресурс пен Сервистер үздіксіз, сенімді түрде және жаңылыссыз ұсынылатынына;
- ақпараттық ресурс пен Сервистерді пайдалану арқылы алынатын нәтижелердің нақты, сенімді әрі Пайдаланушының күткеніндей болатынына кепілдік бермейді.
6.7 Пайдаланушы шектеу себептеріне қатыссыз ақпараттық ресурстың және Сервистердің қолжетімділігінің шектелуіне байланысты Пайдаланушыға келтірілген, ұтылған пайданы қоса алғанда, ықтимал шығындар үшін Компанияның жауапкершілік көтермейтінімен келіседі.
6.8 Компания (а) күші еңсерілмейтін жағдайлардың әсерін; (б) нормативтік құқықтық актілердің өзгеруін/күшін жоюын; (в) мемлекеттік органдар мен үшінші тұлғалардың іс-қимылын; (г) байланыс операторлары көрсететін қызмет сапасының нашарлауын; (д) Компанияға байланысты емес басқа да себептерді қоса алғанда, бірақ онымен де шектелмей, өз міндеттемелерінің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін жауапкершілік көтермейді.
6.9. Кез келген жағдайларда Компанияның осы Пайдаланушы келісімі бойынша жауапкершілігі бір айлық есептік көрсеткіш сомасымен шектеледі, бірақ бұл шектеу Пайдаланушының өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтірілген жағдайда қолданылмайды.
7. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7.1. Осы Пайдаланушы келісімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосылу шарты болып табылады. Осы Пайдаланушы келісімінің шарттарын Компания Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз бетінше белгілейді және олар Пайдаланушы тарапынан осы Пайдаланушы келісіміне тұтастай қосылу жолымен ғана қабылданады.
7.2. Кез келген тұлғаның (Пайдаланушының) ақпаратты немесе жобалық ұсынысты орналастыруға қатысты іс-әрекеті осы Пайдаланушы келісімімен, Компанияның Құпиялылық саясатымен және осы құжаттарда көрсетілген барлық жағдайлармен келісетінінің белгісі болып табылады.
7.3. Осы Пайдаланушы келісімі Пайдаланушының Осы Пайдаланушы келісімінің 3-бөліміне сәйкес тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және Компанияда Пайдаланушының тіркелген Есепке алу деректерінің болуымен анықталатын Компанияның Пайдаланушыға қызметтер көрсетуі мерзімінде жарамды болады. Пайдаланушының Платформада авторланбауы және (немесе) Қолданбаны Мобильді құрылғыдан өшіруі осы Пайдаланушы келісімін тоқтатпайды, бірақ Пайдаланушы кез келген уақытта Қазақстан Республикасы, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғ., 1/4 ғимарат мекенжайы бойынша немесе support@btsdigital.kz электронды пошта мекенжайына Компанияға жазбаша хабарландыру жіберу жолымен осы Пайдаланушы келісімінен бас тарта алады, оның ішінде өзгертулер мен толықтыруларға келіспеген жағдайда да.
7.4. Пайдаланушы келісімінің өзгертілген редакциясын Компания сайтына орналастыру және/немесе бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) жариялау жолымен Компания осы Пайдаланушы келісіміне өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізе алады. Ондай өзгертулер мен толықтырулар қолданба атқарымы аясында олардың қабылданғаны жайлы тиісті түймешік басылғаннан кейін не болмаса олар жарияланғаннан кейін 7 (жеті) күнтізбелік күн өткен соң Пайдаланушы Қолданбаны пайдалануын жалғастыра берсе, Пайдаланушы тарапынан қабылданған болып саналады. Пайдаланушы келісімінің қолданыстағы редакциясы Компания сайтына келесі сілтеме бойынша орналастырылады: https://budget-uchastiya.kz/policy.
7.5. Компания осы Пайдаланушы келісімі бойынша өз құқықтарын және/немесе міндеттерін толық та, олардың бір бөлігін де Пайдаланушының келісімінсіз үшінші тұлғаға беруге құқылы.
7.6. Осы Пайдаланушы келісімімен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуге жатады.
7.7. Осы Пайдаланушы келісімін орындаумен байланысты кез келген даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Пайдаланушы мен Компания оларды өз араларында міндетті сотқа дейінгі (кінәрат-талаптық) тәртіпті қолдана отырып келіссөздер жүргізу жолымен шешуге барынша күш салады. Даулар келіссөз жүргізу жолымен шешілмеген жағдайда, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Астана қ. жалпы хұкімді соттарында шешуге жатады.
7.8. Осы Пайдаланушы келісімі заңды күші бірдей қазақ және орыс тілдерінде құрастырылды.