Модерация саясаты

1-бөлім. Жалпы ережелер

1.1 «Қалалық бастама» веб-сайты (бұдан әрі - Сайт) – қоғамдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобалық ұсыныстарды іріктеу мақсатында азаматтардың өзара іс-қимыл жасауына арналған платформа.

1.2 Веб-сайттың Модерация саясатын (бұдан әрі – Модерация саясаты) сайт Әкімшілігі өтініштерді беру және қарау процесіне қатысушылардың қызметін регламенттеу мақсатында әзірледі.

1.3. Модерация саясаты материалдарды (бұдан әрі – «Контент») Сайтқа орналастыруға қатысты Сайттың барлық Пайдаланушылары орындауға міндетті бірқатар ережелерді қамтиды. Ережелер, сонымен қатар, Сайт пайдаланушыларының қызметі нәтижесінде құқықтары мен мүдделері қозғалуы мүмкін үшінші тұлғалармен байланысты қатынастарға қолданылады

1.4. Модерация саясатының қолданыстағы редакциясы Интернет желісінде https://budget-uchastiya.kz/policy мекенжайы бойынша орналасқан. Аталған редакция Сайт Әкімшілігі тарапынан Сайт Пайдаланушыларына алдын ала ескертусіз өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін. Модерация туралы ережеге толықтырулар және/немесе өзгертулер енгізілгеннен кейін Пайдаланушының Сайт шеңберіндегі қызметінің жалғастырылуы оның жаңа қағидаларымен Сайт Пайдаланушысының келісетінін білдіреді.


2-бөлім. Негізгі мақсаттар

2.1 Сайтқа контент орналастырудың тәртібі мен ерекшеліктерін айқындайтын бірыңғай қағидалар жиынтығын бекіту

2.2 Сайтқа орналастырылатын контенттің мазмұны мен сапасына қатысты Сайт пайдаланушылары жол беруі мүмкін бұзушылықтардың ықтимал типтерін құрылымдау

2.3 Модератордың әркеттеріне түрткі болатын "Орынсыз" және "Тыйым салынған контент" ұғымдарының мәнін ашу


3-бөлім. Қағидалар

Азаматтардың осы сайт арқылы келіп түскен барлық өтініштері модерациялауға жатады.

3.1 Орынсыз және тыйым салынған контент ұғымы ретінде Сайтты пайдалану кезінде Пайдаланушы жүктеген ақпарат түсініледі және ол келесі сипаттамаларға ие:
әдепсіз, анайы, порнографиялық сипатта;
балағат, дөрекі сөздерден тұрады, қазақ немесе орыс тілдерінің тазалығына нұқсан келтіреді;
қатыгездік пен зорлық-зомбылықты дәріптеуді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты насихаттау немесе үгіттеу болып табылады,
Сайттың басқа Пайдаланушыларының және үшінші тұлғалардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік абыройына нұқсан келтіреді, беделін түсіреді, қорлайды, оларға қоқан-лоққыны қамтиды, жеке өміріне қол сұғылмаушылықты және құқықтарын бұзады;
зорлық-зомбылық, жануарларға қатыгездік көрсету көріністері бар, қылмыстық әрекеттерді насихаттайды немесе қылмыстық әрекеттерге итермелейді;
ұлтаралық өшпенділікті немесе алауыздықты (терроризм, нәсілшілдік, шовинизм) қоздыруға ықпал етеді, фашизмді немесе өзге де экстремистік идеологияларды насихаттайды;
есірткі және темекі шегу туралы ақпаратты, олардың жарнамасын қамтиды, оларды қолданудың өмірге төндіретін қаупін және сөзсіз салдарларын жасырады;
қоғамдық инфрақұрылымды дамыту бағыттарымен байланысты емес;
спам, яғни коммерциялық, саяси немесе басқа да жарнамалық ақпаратты өзге Пайдаланушылардың оларды алуға келісімінсіз жаппай тарату;
басқадай тәсілдермен Сайт Пайдаланушыларының құқықтары мен мүдделерін немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзады.

3.2 Модератор Пайдаланушылардың Сайтқа орналастырған барлық материалдарын модерациялау, яғни ол материалдардың мазмұны мен сапасын бақылау және қажетіне қарай өз қарауынша ескертусіз және себептерін түсіндірместен оларды жою немесе орнын ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

3.3 Сайт шеңберіндегі қызметі көрсетілген ережелерге қайшы келетін Пайдаланушыға ықпал ету шарасы Модератордың қарауынша анықталады және Сайт Пайдаланушысына алдын ала немесе кейіннен ескертусіз орынсыз/тыйым салынған контентті жасыруды немесе жоюды қамтуы мүмкін


4-бөлім. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері

4.1. Сайтқа тіркелу кезінде Пайдаланушы Сайтты пайдалануға және оның қызметіне қатысты көрсетілген құқықтар мен міндеттерді қабылдай отырып, Құпиялылық саясатымен танысуға міндетті (жекелей алғанда, осы Модерация саясатына ерекше көңіл аудару қажет)

4.2. Тіркелгеннен кейін Пайдаланушы өтініштер жасау, өтініштерді жариялау және Сайт ішіндегі ақпараттық кеңістікті жеке коммерциялық емес мақсаттарына пайдалану құқығына ие болады.

4.3. Пайдаланушы Құпиялылық саясатына, Модерация саясатына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Сайттың көрсетілген бөлімдерінде контент жасауға, орналастыруға, сақтауға және беруге байланысты өз әрекеттері үшін толық жауапты болады

4.4 Егер сіз веб-нысанды толтыру немесе электронды хат жіберу секілді әдістерді пайдалана отырып, Сайтта жеке деректер ұсынуды шешсеңіз, ақпарат сіз берген өтінішті қарауға немесе сіздің хабарламаңызға жауап беруге көмектесу үшін пайдаланылатын болады. Сіздің сұратуларыңызды қанағаттандыру үшін қажетті деректер басқа мемлекеттік мекемелерге берілуі мүмкін. Сіздің жеке деректеріңіз үшінші тұлғаларға, олар сіздің өтінішіңіз бойынша шешім қабылдауға қатысатын жағдайларды қоспағанда, берілмейді.