Өз қалаңның өзгеруіне үлес қос - бірінші қадам осында!

Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігі және Q88 урбанистер қауымдастығы бастаған арнайы жоба.

banner


Жобалық ұсыныстар 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылданады. Жобалық ұсыныстарды жинау аяқталғаннан соң дауыс беру басталады.

Идеяны ұсынғаннан кейін не болады?

1
Жобалық ұсыныстарды жинау
Жобалық ұсыныстар іріктеу үшін жиналады
2
Модерация
Жобалық ұсыныстар тексеріледі және модерациядан өтеді
3
Дауыс беру
Онлайн-дауыс беру өткізіледі. Тұрғындар өздеріне ұнаған жобаларды таңдап, оларға дауыс береді
4
Дауыс беруді қорытындылау
Дауыстар есептеледі. Нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жеңілгендер тізімі жарияланады
5
Жүзеге асыру
Қала тұрғындарының дауыстарының максималды мөлшерін жинаған жобалар жүзеге асырылатын болады
“Қазақстан өңірлерінің біркелкі дамымағаны баршаға мәлім. Диспропорция әлеуметтік жайсыздыққа, көші-қон көңіл-күйінің өсуіне алғышарттар жасайды”, - Қ-Ж. К. Тоқаев.
Дауыс беру негізі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Q88» қауымдастығының урбанистерімен бірлесіп, Қазақстанның өңірлік қалаларын дамыту бойынша жобалық ұсыныстарды іске қосуда. Аталмыш жобаны іске асыру бойынша екінші қала Атырау болып табылады. Атырау тұрғындарынан ұсыныстар алу және ұсынылған жобаларға дауыс беру арқылы қала тұрғындарымен диалог құрылады, олардың тілектері мен қаланың даму бойынша көзқарастары назарға алынады.

Атыраудың тарихы XVII ғасырдан басталады. Қалының қызықты тарихы және көптеген сақталған тарихи нысандары бар. Қала жергілікті орталықтардан тұрады. Алайда олардың әрқайсысы бір бірімен байланыспаған. Орталықтардың көпшілігінде жақсы кеңістіктік тор бар. Жергілікті орталықтар арасындағы байланыс жоқтығына негізінен магистральдық көшелердің жетіспеушілігі себеп болады. Бұл нашар қарым-қатынас олардың экономикалық мүмкіндіктерін ашпайды. Қала шегіне кірмейтін жергілікті орталықтар - Еркін қала, Зарослый-Жаңаталап, Ақсай, Жұлдыз. Үш негізгі орталық: Әлиева-Құрманғазы, Сарыарқа; Алмагүл, Ет комбинаты; Балауса, Жұмыскер, Өркен, Сарықамыс, Рембаза. Атырау қаласы үшін полиорталық даму моделі қолайлы болып табылады. Бұл модель анықталған орталықтарда экономика мен әлеуметтік өмірді шоғырландыруды қолдайды. Сондай-ақ орталықтарды ыңғайлы көлік және жаяу жүргіншілер жолдарымен қамтамасыз етуді білдіреді. Сауалнама нәтижесінде қала тұрғындары Атыраудың басты үш жетіспеушіліктерің атап өтті: - қалалық инфрақұрылым мәселелері (24%) - мәдени-әлеуметтік саладағы кемшіліктер (32%) - нашар экология және көгалдандырудың жетіспеушілігі (44%). Барлық ұсынылған жобалар аталған мәселелерді шешуге бағытталған. Біз осы платформада идеялар мен ұсыныстар алмасуға шақырамыз! Жобалық ұсыныстар 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылданады. Жобалық ұсыныстарды жинау аяқталғаннан соң дауыс беру басталады. Ұнаған жобаларға 2022 жылдың 4 сәуірінен бастап 4 мауырға дейін дауыс беруге болады.regulations

Жобалық ұсыныс жасау
Сұрату бойынша іздеу орындалуда
Сіздің сұратуыңыз бойынша ештеңе табылмады
Сіздің сұратуыңыз бойынша ештеңе табылмады