Өз қалаңның өзгеруіне үлес қос - бірінші қадам осында!

Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігі және Q88 урбанистер қауымдастығы бастаған арнайы жоба.

banner


Жобалық ұсыныстар 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылданады. Жобалық ұсыныстарды жинау аяқталғаннан соң дауыс беру басталады.

Идеяны ұсынғаннан кейін не болады?

1
Жобалық ұсыныстарды жинау
Жобалық ұсыныстар іріктеу үшін жиналады
2
Модерация
Жобалық ұсыныстар тексеріледі және модерациядан өтеді
3
Дауыс беру
Онлайн-дауыс беру өткізіледі. Тұрғындар өздеріне ұнаған жобаларды таңдап, оларға дауыс береді
4
Дауыс беруді қорытындылау
Дауыстар есептеледі. Нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жеңілгендер тізімі жарияланады
5
Жүзеге асыру
Қала тұрғындарының дауыстарының максималды мөлшерін жинаған жобалар жүзеге асырылатын болады
“Қазақстан өңірлерінің біркелкі дамымағаны баршаға мәлім. Диспропорция әлеуметтік жайсыздыққа, көші-қон көңіл-күйінің өсуіне алғышарттар жасайды”, - Қ-Ж. К. Тоқаев.
Дауыс беру негізі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Q88» қауымдастығының урбанистерімен бірлесіп, Қазақстанның өңірлік қалаларын дамыту бойынша жобалық ұсыныстарды іске қосуда. Жобаның тұрсау кесері, пилоттық, Ақтау қаласынан басталды. Дауыс беруді өткізу және ақтаулықтардан ұсыныстар алу арқылы біз қала тұрғындарымен диалог құрып, тілектері мен көзқарастарын біле аламыз.

Ақтау ерекше табиғи ландшафт, қолайлы ауа-райы, қыс мезгілінде жұмсақ климат иегері. Бұл жағдайлар туристердің келуіне, ШОБ дамуына, халықтың лайықты өмір сүру деңгейіне ықпал етеді. Өкінішке орай, қала тұрғындарының ойынша, бүгінде Ақтау - ол қоғамдық кеңістіктер, спорттық және балалар демалысы үшін арналған орындардың саны жеткіліксіз және қала жаяу жүргіншілерге қарағанда актокөліктерге көбірек бейімделген, бетоннан жасалған қала. Біз осы платформада ұсыныстар мен идеяларды алмасуға шақырамыз! Жобалық ұсыныстар 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылданады. Жобалық ұсыныстарды жинау аяқталғаннан соң дауыс беру басталады.regulations

Жобалық ұсыныс жасау
Сұрату бойынша іздеу орындалуда
Сіздің сұратуыңыз бойынша ештеңе табылмады
Сіздің сұратуыңыз бойынша ештеңе табылмады